Спорт

“Юниор” футбол мектебі әкелер арасында жарыс ұйымдастырды

Данияр Жаналинов – жарысқа қатысушы:

– Жаттығушыларымыз осындай жарыс ұйымдастырып отыр. Қатысушылардың барлығы ата-аналар. Бүгінгі ойын жақсы өтіп жатыр.

Кішкентай Асанали Омардың футболмен айналысып жүргеніне небары 3 ай болыпты. Әзірге ширап үлгермеген жеткіншек, бүгін әкесінің шеберілігіне тәнті болуда.

Асанали Омар:

– Мені әрқашан әкем қолдап жүреді. Ал бүгін мен оған жанкүйер болуға келіп отырмын. Ол “Иртыш” құрамасында ойнауда. Олар жеңіске жетеді деген үміттемін.

Ал Рощупкиндер жанұясы отағаларын қолдауға толық құраммен келген. Жұбайы Ирина да, ұл-қызы Артем мен Арина да жанкүйер ретінде Александрға өз демеулерін барынша жеткізуде.

Ирина Рощупкина:

– Бүгін барлық отбасымызбен келіп отырмыз. Тіпті, ойынға атамыз да қатысуда. Олардың командалары жеңетініне сенеміз. Жалпы біз бос уақытты отбасымызбен бірге өткізуге тырысамыз.

“Юниор” мектебі 2017 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда 3-тен 12 жасқа дейінгі 100-ге жуық жас футболшы жаттығады. Бүгінгі шараға болса, осы клубта тәлім алып жатқан балалардың әкелері қатысуда.

Евгений Кущ – “Юниор” футбол мектебінің жетекшісі:

– Жалпы осындай жарыстарды 3 айда бір рет өткізіп тұрамыз. Бүгінгі сайыста 40-қа жуық ересек футболшы 5 командаға бөлініп, бақтарын сынауда. Келесі ойын 7 мамыр күніне орайластырылады.

Жүзден жүйріктерге “Батылдық кубогы” әзірленіпті. Сондай-ақ, шебер ойынымен ерекшеленген футболшылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Молдир Макишева