Спорт

“Құлагер” ХК елордалық “Номад” құрамасына екі кездесуде де есе жіберді

Қос команда арасындағы қарымта кездесу екінші күні жалғасын тапты. Алғашқы кезеңде құлагерлік жігіттер белсенділік танытып, қарсылас қақпаға шайба салды. Көп ұзамай астаналықтардың шайбасы да Андрей Янковтың қақпасынан саңылау тапты. Құрамалар екінші жиырма минуттықта да бір-бірінің құрамасына бір шайбадан салды. Үшінші кезең мен овертаймнан өзгеріссіз шыққан құрамалардың үздігін тек буллит анықтады. Астаналық ойыншылар мұнда дәлдігімен көзге түсіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Әзірге жерлестеріміз турнирлік кестедегі 4-ші орындарын сақтап тұр. Матч аясындағы қорытынды кездесулер ақпанның 22-23-і күндері Өскемен қаласында “Алтай Торпедо” құрамасымен өтпек.

 

Ешкенова Дана