Әр түрлі

Петропавлда 19 ақпан мен наурыздың 1-і күндері бал жәрмеңкесі өтеді

Тоғжан Ақмағамбетова – тілші:

– Жабайы бал – сирек кездеседі. Табиғи тәтті өнімнің емдік қасиеті зор. Өйткені, ол кез-келген аурудан айығуға септігін тигізеді.

Құрамында барлық табиғи дәрумендер сақталған балдың арқасында ең алдымен иммунитетті жақсартуға болады. Өнім Башқұртстанда өсетін емен ағашынан жиылған.

Анастасия Екимова – консультант-сатушы:

– “Аналық сүт балы” балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге пайдалы. Бұл да көп аурудың алдын алады. Қан қысымын қалыпқа келтіріп, бас ауырғанын жазады. Демалу мүшелері мен жүректі емдеуде таптырмайтын өнім. Аллергия тудырмайды. Қарақұмық балы дәл қазіргі маусымда жоғары сұранысқа ие. Өйткені ол суық тигеннен емдеп, жөтелді болдырмайды.

Қала тұрғыны Владимир Горшенков жәрмеңкеге соғып, өзінің талғамына сай бал сатып алмақшы. Оған құрамы мен емдік қасиеті жағынан бірінен-бірі өтетін табиғи пайдалы өнімнің ішінен біреуін таңдау қиынға соғуда.

Владимир Горшенков – қала тұрғыны:

– Мен үнемі бал сатып алып тұрамын. Бұл жәрмеңкеде ара шаруашылығы өнімдерінің алуан түрі ұсынылған. Арасынан қарақұмық және таңқурай тозаңынан жасалған дүниеге көзім түсті. Өйткені, олар өте дәмді, әрі егде жастағы адамдарға пайдалы келеді.

Жәрмеңкеде балдан өзге омарта шаруашылығының басқа да өнімдері және дәмі тіл үйірер халуаның 7 түрі ұсынылған. Ресейдің Азов қаласында шығарылатын танымал халуаның жаңғақ, шекілдеуік, және кінжіт қосылғаны бар. Аталған тәтті-дәмділерден ауыз-тиіп, сатып алғысы келетіндер Кеншінбаев көшесі, 22 мекен жайындағы Жастар сарайында өтетін омарташы Калашниковтың жәрмеңкесін аралай алады. Шара наурыздың 1-іне дейін жалғасып, келушілерді таңғы сағат 10-нан кешкі 19-00-ге дейін дейін күтеді.

Тогжан Акмагамбетова