Мәдениет

Н.Погодин атындағы орыс драма театры көрермендеріне кезекті премьерасын ұсынды

Зейнеттегі мейірбике, балерина мен мектептегі кезекші. Николай Михайловичтің жүрегін жаулап алудан үміттілер осы. Алайда, қызы мен күйеу баласына ашулы қария, қалыңдықтармен танысудан бас тартуда.

– Менің ойымша, Николай Михайлович бұл қалыңдықтардың бірімен де қосылмайды. Өзі қалағандай ауылына кететін шығар.

– Алда не боларын болжау өте қиын. Қойылым өте қызықты. Барлығы өмірден алынған. Ал, қария болса, өзінің туған жеріне оралып, бақытты ғұмыр кешеді деген ойдамын.

– Николай Михайлович үйленетін шығар. Өз басым балеринаға қосылса екен деймін.

Театрдың міндеті – халықты жақсылыққа тәрбиелеп, үлгі-өнеге көрсету. «Жених поневоле» спектаклі де бұл тапсырманы сәтті орындап шықты. Комедия көрерменге күлкі ғана сыйлап қоймай, терең ой тастайды.

Виктор Шалаев – ҚазССР еңбек сіңірген әртісі, «Жених поневоле» спектаклінің қоюшы-режиссері:

– Қойылымды 9 ай бойы дайындадық. Алайда, әлі де жұмыс жасайтын тұстарымыз бар. Солтүстікқазақстандықтар премьераны ерекше ықыласпен қабыл алды.

Театр труппасы 131-ші театр маусымында теріскейлік көрерменге тағы 3 спектакльдің тұсауын кеспек.

Эльмира Садвокасова