Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы Жолдауы теріскейліктерге түсіндірілуде

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:

– 2017 жылы департамент тұрғындарға 85 мың мәрте мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 71 мыңы электронды түрде жүргізілді. Бұл көрсеткіш бойынша біз облыстағы мемлекеттік органдар арасында 2-ші орын иелендік.

Қазіргі күні ведомство тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 20 түрін көрсетеді. Оның ішіндегі кондоминиум объектісін тіркеу ісі өткен жылдан бері жүргізіле бастапты. Дегенмен, бұл ретте бірқатар өзекті мәселелер баршылық. Мәселен, 33 бірдей мемлекеттік қызмет әлі күнге электронды түрде көрсетілмей келеді.

Эльвира Әзімова – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары:

– Бүгінде авторлық құқықты тіркеу, ойлап табылған дүниеге патент беру сынды жұмыс электронды түрде жүргізілмейді. Ол жерде келіп түскен өтініш бойынша сараптама ұзақ жасалады. Осы мәселені бір жақты ету үшін Парламент Мәжілісіне жаңа жоба ұсындық. Өзгеріс орын алса, іс жылдам уақытта жасалатын болады. Кейін, қызмет түрін электронды нұсқаға ауыстыратын боламыз.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова сандық технологиялардың басқа да тиімді тұстарына тоқталды. Мейман цифрландыру арқылы жемқорлық фактілерін азайтуға болатындығын да атап өтті.

 

Култанов Байболат