Қоғам

Шал ақын ауданында туристік базаның құрылысы жүріп жатыр

Жасұлан Сәдуақасов – «Сенполия» ЖШС учаске басшысы, Шал ақын ауданы:

– Үй таза қарағайдан салынған. Үстінде екі бөлме бар. Оларда екі жататын орын бар. Суға түсетін екі кабинка бар. Ыстық, суық су ағып тұр. Астында да сондай бар.

Үйдің аумағы 85-90 шаршы метрді құрайды. Алда тағы осындай 30 шақты баспана салу жоспарланған. Нысан жазда есігін айқара ашады. Сондықтан, мұнда көктемде ауқымды құрылыс жұмыстары басталмақ. Сол кезде біраз жұмыс күші тартылатын болады. Ал, әзірге, мұнда 20 ауыл тұрғыны еңбек етуде.

Жасұлан Сәдуақасов – «Сенполия» ЖШС учаске басшысы, Шал ақын ауданы:

– Мына жерде балаларға арналған бассейін салмақшымыз. Ар жағында 300 адамға арналған мейрамхана, тағы екі воллейбол және шағын футбол ойнайтын алаңдар жасаймыз. Ал мына жерде қайық, катамарандар тұратын пирс саламыз. Ал мұз қатқанда екі хоккей ойнайтын мұз айдындарын жасамақпыз.

Кәсіпкерлер мұнымен ғана шектеліп қалмақ емес, тағы өнер көрсететін үлкен сахна құрып, 5 бірдей монша салмақ.

Бір сөзбен айтқанда, мұнда отбасылық демалысты өткізуге қажеттінің бәрі болмақ. Заманауи талаптарға сай жасалып жатқан нысаның құрылысына қазірдің өзінде 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Қолға алған жобаны толық аяқтау үшін әлі бизнесмендер 180 млн теңге инвестиция құймақ ниетте. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарлама арқылы 200 млн-ға жуық қаражат алмақшы.

Жасұлан Сәдуақасов – «Сенполия» ЖШС учаске басшысы, Шал ақын ауданы:

– Еліміздегі және Ресейдегі бірқатар осындай орындарды аралап, оларда жоқ бірдеңе салмақшымыз. Бағасы басқа дем алув орындарына қарағанда арзан болады. Адамдар келеді деп ойлаймын. Өйткені қазірдің өзінде ұсыныстар түсіп жатыр.

Тағы ерке Есілдің жағасында балық аулаймын деп келгендерге де жағдай жасалған. Олар үшін мұнда 10 бөлмелі 3 үй тұрғызылуда. Аумағы 15 гектар жерді алып жатқан нысан ашылғанда 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

 

Магжан Ахмадина