Спорт

ХК “Кулагер” нанес поражение “Астане” во второй домашней встрече

Кездесудің 10-шы минуты өтуде, дегенмен қонақ құраманың қақпасы әлі сыр берер емес. Әйтсе де, құлагерліктердің жасаған үдемелі шабуылдарының арқасында есеп ашылды. Мұнымен алаң қожайындары тоқтап қалмады. Ойынның 6-шы минутында Дамир Рамазановтың жойқын соққысы айдын иелеріне тағы бір шайбаны сыйлады. Міне, бірінші период аяқталды. Есеп 2:0

Екінші жиырма минуттық та басталып кетті. Бұл жолы қонақ команда тізгінді өз қолдарына алып, сауатты шабуылдарға көшті. Нәтижесінде Антон Окуневтің соққан шайбасы қақпадан дәл табылып астаналықтар есепті 2:1-ге жеткізді. Соғылған шайбаның есесін қайтаруға тырысып баққан құлагерліктер қонақ құраманың қақпасын торуылдай бастады. Алайда, жерлестеріміз діттегендеріне жете алмады. Осымен кездесудің екінші кезеңі де аяқталды. Есеп, әзірге, 2:1.

–  Ойынға ризамын. Бүгін бізге жеңіс керек. Жеңсек 4-ші орында анық қаламыз. Өйткені, міне, плей-офф та жақындап келе жатыр. Ең кемінде 4-ші орын алу керек.

– Өздерін көріп тұрғандай ойын жақсы өтіп жатыр. Бірінші периодта 2 шайба соқты.

– Біздің команда жеңіп жатыр. Хоккейге ең бірінші келуім. Жалпы атмосферасы күшті.

Шешуші период та басталды. Жерлестеріміз қонақ қақпа маңында қауіпті шабуыл ұйымдастырып жатыр. Десе де астаналықтар да қалыс қалмақ емес. Екі құрама да жеңіске жету үшін жандарын салып тырысуда. Алайда, қос команданың толассыз шабуылдары еш нәтижесін бермеді. Сонымен, үш периодтың қорытындысы 2:1 – ойын құлагерліктердің жеңісімен аяқталды.

Станислав Логинов – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

 


Ауд. Қарсыластарымыз жас та болса алатын асулары әлі алда. Өздері жылдам жүгіреді, қорғаныстары да мықты. Алайда, біз бапкеріміздің берген кеңестерін орындап, жеңіске жеттік.

Айта кетейік, “Құлагер” командасы өз мұз айдынында кезекті ойынын ақпанның 17-18-сі күндері Астана қаласының “Номад” құрамасымен өткізеді.