МТРА жаңалықтары

Теріскейліктерге Елбасының “Тәуелсіздік дәуірі” атты кітабы таныстырылды

Сол жеткен жетістіктеріміздің бәрі Президентіміздің “Тәуелсіздік дәуірі” атты туындысында жазылыпты. Бүгін бұл тарихи публицистика жанрында басылған кітаппен теріскейліктер қызыға танысуда.

Гүлбақша Мұсабаева – “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” ҚБ төрайымы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты:


–  Кітаптың бас кезінде мемлекеттің пайда болуы көтерілген. Президент қалай сайлауға қатысқандығы айтылады. Оның халыққа айттан сөздері бар.

“Тәуелсіздік дәуірі” атты еңбек төрт тараудан тұрады. Оларды Президент мемлекетіміздің дүниеге келуі, ұлы бетбұрыс, қияға құлаш сермеу және қалыптасқан мемлекет деп бөліпті. Елбасының туындысы қазақ және орыс тілдерінде басылғандығын айта кетейік. Таралым саны 3 мың дананы құрапты. Бұл шығармаға жиынға қатысушылар өздерінің оң бағаларын беруде.

Ескендір Елеусізов – СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:


–  Бұл кітаптың құндылығы ерекше. Арада жылдар өтсе де мәнін жоймайды. Келер ұрпақ оқып, тарихпен танысады.

Солтүстікқазақстандық жастар тарихи жанрда жазылған кітапты оқуға құлшынып отыр.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:


–  Кітап жеңіл тілмен жазылған. Сол себепті оқып, түсіну жеңіл. Барлық жастарды осы еңбекпен танысуға шақырамын.

Жалпы, өңірге “Нұр Отан” партиясының облыс филиалының өкілдері кітаптың 20 данасын әкелген. Олар жергілікті қоғамдық ұйымдарға үлестірілмек. Шара соңында туындының біреуін бас партияның жергілікті филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының уақытша міндетін атқарушы Ербол Исақаевқа табыс етті.

 

Култанов Байболат