Әр түрлі

СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы өткен жылды қорытындылады

Бейбіт Қызбикенов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

–  Былтыр “Көкшетау” ұлттық табиғи паркінің Арықбалық филиалында 2 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл оттың тұтануына жол берген кінәлілер анықталды. Олардың облыстық бюджетке келтірген шығын көлемі 954 мың 600 теңгені құрады. Табиғатқа зиян келтірген тұлғаларға 1 млн 588 мың 200 теңгенің айыппұлы салынды.

Жиында балық шаруашылығы саласындағы мәселелер де талқыланды. Қазіргі таңда облыс бойынша 2 мың 328 көл бар. 256-сын 125 кәсіпкер жалға алып отыр. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы бірдей міндеттерін тиісті деңгейде орындап отырған жоқ.

Марат Есімсейітов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

– Мәселен, “Столыпинская”, “Өрнек құрылыс” және тағы бір серіктестікке балық аулауға тыйым салынған. Себебі, аталған кәсіпорындар бюджетке 1,5 млн теңге салық төлеу керек. Тексеріс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл серіктестіктерге ескерту қағаздары жіберілді.

Өткен жылы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының мамандары жалпы 113 тексеріс жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 116 әкімшілік заңбұзушылықты анықтаған. Айыпты тұлғаларға 1 млн теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

 

Молдир Макишева