Мәдениет

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында – премьера

Бірақ, Дзанэтто Коломбине деген арудың әкесімен келісім шарт жасасқаннан кейін оның күйеу баласы атануы қажет болады. Екі егіздің бір-біріне ұқсастығы соншалық оларды ажырата алмаған қыздар мен өзгелерінің әрекеті езуге күлкі ұялатады.

Баатырбек Шамбетов – спектакльдің қоюшы режиссері:

– Театр көбінесе тәрбиелеу мақсатында қойылымдар қояды. Ал, мұндағы спектакльдің басты мақсаты – халықтың көңілін көтеру.

Өкінішке қарай, екі егіз өмірде бір-бірін жолықтыра алмайды. Себебі, Дзанеэттоны Коломбинидің зұлым ғашығы у ішкіздіріп өлтіреді. Ал, Тонино өзінің сүйіктісі Беатричеге үйленеді. Сонымен, егіздердің бірі өлім құшса, ал екіншісі сүйіктісімен бақытты өмір сүреді.

– Венециялық егіздер” спекталі көңілімізден шықты. Актерлер қойылымды жақсы сомдап шықты.

– Жас актерлерді қолдап келіп отырмын. Спектакль керемет.

– Венециялық егіздер” спекталін тамашалауға Уәлиханов ауданынан келдім. Актерлердің шығармашылық деңгейі өте жоғары.

Спектакльдегі екі егіздің рөлін Асылхан Разиев сомдады. Қос кейіпкерді бір мезетте ойнап шығу актер үшін үлкен дайындықты талап еткен.

Асылхан Разиев – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері:

–  Мұндай мүмкіндік арқашан келе бермейді. Сондықтан, өзімді тағы бір сынап көрейін деп екі кейіпкерді бір мезетте сомдап шығуға бел будым.

Ағымдағы маусымда теріскейліктер үшін С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры тағы 2 премьера ұсынбақ.

Дана  Ешкенова