ТЖ

Көктемгі су тасқынының алдын алу

Осының салдарынан өңіріміздің кей аумақтарында жердің үстіңгі қабаты 1,5 метрге дейін қатып қалған. Сол себепті, көктемде еріген қардың суын тез сіңіре алмауы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, теріскей аумағында әлі де қар жауып, айлық көрсеткіштен әбден асып түсуі мүмкін.

Дәурен Қошығұлов – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы гидрометеорологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі:


– 15-ші ақпаннан бастап қардың жаууын жиі бақылайтын боламыз. Яғни, өңіріміздің түкпір-түкпіріндегі синоптик мамандар егістіктерге шығады. Олар арнайы құрал-саймандарымен ақ ұлпаның қалыңдығы мен тығыздығын өлшейді. Содан соң, қардағы судың мөлшерін есептеп шығарып, не күтуге болатынын анықтауға болады.

Дегенмен, биылғы көктем мезгілінде облысымызда су тасқыны болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Еске сала кетсек, 2016 жылы еріген қар суы Тайынша ауданындағы кейбір елді мекендерді басқан болатын. Ал, былтыр өңіріміздегі бірқатар жерлер мен қаламыздың шеткері аудандары қызыл судың астында қалды.
Тасқын тартылған соң табиғи апаттың орнын толтыру жұмыстары қызу жүргізілді. Іске ел қазынан 3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың бір бөлігі зардап шеккен ағайынға беріліп, қалғанына Былғары зауытында ұзындығы 3 шақырымнан артық дамба салынды. Қазіргі таңда теріскейліктер алдағы көктемге тыңғылықты дайындалуда. Облыстық ТЖД мамандары тасқынға төтеп беруге қажетті инертті материалдар мен құм салынған қаптарды молынан әзірлеп, жеткілікті жанар-жағармай қорының болуын жіті бақылауда.

Асхат Бәкішев – СҚО ТЖД бөлім бастығы:


– Біздің ведомство төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруда. Бүгіндері атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар жібердік. Соған сәйкес, жедел-құтқару жасақтары және басқа да құрылымдар түрлі оқыс оқиғаларға дайын болулары қажет. Сондай-ақ, елді мекендердегі қар тазарту жұмыстарының уақытылы жүргізілгені жөн.

ТЖД-ның мамандары өңір аумағында бір ай көлемінде халық арасында жүргізілетін түсіндіру шараларын күшейтпек. Оның аясында, қызыл су келуі мүмкін деген елді мекендер назарға алынып, ондағы тұрғындарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады.

Тоғжан Ақмағамбетова