МТРА жаңалықтары

СЦК – молодежь о Послании Президента

Осыны ескерген өңірлік жастар ұйымдары наурыздың 1-і облыстық жастар мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізбек. 2010 жылдан бері жұмыс істеп келген жастар мәслихатының жаңа құрамы Президент Жолдауын жүзеге асыру бағытында іске білек сыбана кіріспек. Мандатқа ие болған студенттер мен белсенді жастар өз білім ордасының, одан қалды өңірде қандай проблемалар бар – соларды шешу тәсілдерін бірлесіп ойластырмақ. Осы орайда жас азаматтарға тәжірибелі депутаттар көмек көрсетеді.

Владимир Витченко – “Қазақстан жас депутаттары ассоциациясы” СҚОФ төрағасы:

 

–  Өз кандидатурасын СҚМУ және қала колледждерінің кез келген студенті ұсына алады. Олар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын дайындаулары тиіс. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға -3 мандат, ал колледждердің әрқайсысына бір-бір мандаттан бөлінбек. Осылайша, облыстық жастар мәслихатына мүшелік ететін 13 жас депутатты білім ошақтарының студенттері сайлайтын болады.

Саят Ермек