Қоғам

Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Ұлттық баяндама талқыланды

Бұл тізімді жемқорлық көрсеткіші төмен Дания мен Жаңа Зеландия бастап тұрса, көшті 176-шы болып Сомали тұйықтауда.
Біздің еліміздегі жемқорлықты жою үшін мемлекеттік органдармен қоса үкіметтік емес ұйымдар да қол қусырып отырған жоқ. Мәселен, биыл қалың көпшілік арасында жүргізілетін шаралардың жоспары құрылыпты.

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісі:


–  Қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет. Себебі, оларға халық көбірек сенім артады. Кейін тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңдармен таныстырып, түсіндірме шараларын жүргіземіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуге бағытталған ұлттық баяндама жыл сайын қабылданады. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде маңызды құжатқа енгізу қажет ұсыныстар айтылуда. Парақорлықты нәтижелі түрде жоюға септесетін шешімді кез келген адам білдіре алады. Сондықтан, облыс орталығы мен аудандарда жоба қызу талқылануда. Тіпті, бірнеше ұсыныс-тілек те бар екен.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


–  Біз өз тарапымыздан кеңінен әлеуметтік зерттеулерді жүргізуді ұсынудамыз. Бұл шаралар жемқорлықтың қай ауданда, қай салада белең алғанын анықтауға көмектеседі.

Парақорлықты түбегейлі жою үшін елімізде атқарылып жатқан шаруа мол. Дегенмен, ол әлі де аздық етеді. Мәселен, халықтың мемлкеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына деген сенімділігі 2015 жылы 55% болса, былтыр ол 18%-ға өскен.

Эльмира Садвокасова