Әр түрлі

Петропавлда “Эталон меха” тондар жәрмеңкесі өтуде

Сол себепті, бұл бұйымға сұраныс қыз-келіншектер тарапынан қашанда жоғары. Енді, теріскейлік сәнқойлар да мына жәрмеңкеден Ресейдің Пятигорск қаласындағы зауытта тігілген тондардың алуан түрін тамашалап, ұнағанын иеленуге мүмкіндік алды.

– Мұнда қаракүзен (норка), мутон, терісінен тігілген киімдердің 100-ден артық түрі бар. Ішіктердің үлгісі сан алуан. Ұзынын-қысқасын, қарасын, ағын немесе сары түстісін талғамыңызға сай етіп таңдап алуыңызға болады. Ең арзаны 180 мың теңге тұрса, қымбаты 700 мың теңгеге де дейін жетеді. Менің үстімдегі 630 теңгені құрайды.

Бірінен бірі өтетін, көздің жауын алатын тон атаулының ішінен ерекшесін сатып алу да қиынға соғады. Сол себепті, мұнда жарасымды қысқы киімді тандауға білікті сатушылар көмектесуде.

Алексей Калмыков – “Эталон меха” тондар жәрмеңкесінің консультант-сатушысы, Пятигорск қаласы, РФ:

– Мәселен, мынау – қайырма жағасы бар классикалық тон. Түсіне келетін болсақ, бұл – қаракүзеннің табиғи реңкі. Пішіні трапеция іспеттес тігілген. Мұның ұзындығы 115-120 см-ге дейін барады. Көбіне, осындай үлгіні үлкен жастағы нәзікжандылар сатып алады.

Классикалықтан өзге мұнда эксклюзивті үлгілердің де таңдауы кең. Бұл – инфинити реңкті қаракүзен тоны. Аталған британдық жағалы сырт киім жас бикештер арасында ерекше сұранысқа ие. Ұзын тон да кез келген нәзікжандыға құйып қойғандай жараса кетері анық.

Роман Виновный – “Эталон меха” тондар көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

 


– Бізде ішіктерден басқа айрықша пішінмен тігілген зелеткелер мен былғары курткалар жетерлік. “Эталон меха” жәрмеңкесін Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткізіп жүрміз. Зауыттан тікелей жеткізілген сырт киімдердің бағасы нарықтағы өнімнен едәуір төмен. Тұтынушыларға бірқатар жеңілдіктер де жасаймыз.

Қарапайым халықтың жағдайын ескерген сатушылар, тіпті, тон мен ішікті несиеге алу немесе бөліп төлеу жағын да қарастырған екен. Қыста жылы әрі сәнді киім кигіңіз келсе, “Сити Молл” сауда үйінде өтіп жатқан «Эталон меха» жәрмеңкесіне асығыңыздар. Ол ақпанның 17-не дейін жалғасады.

Тогжан Акмагамбетова