Қоғам

Жыл басынан бері 2 солтүстікқазақстандық темір жол бойында қаза тапты

Ұлжан Жорақұлова – Петропавл стансасындағы ЖІІБ ювеналдық полиция тобының инспекторы:

– Қайғылы жағдай Булаево қаласының іргесінде орын алды. 30 жастағы азамат темір жол бойынан өтпек болыпты. Алайда, ол діттеген жеріне жете алмады. Жерлесімізді Булаеводан Ресейдің Қорған облысына бет алған жүк поезі соқты. Салдарынан тұрғын қаза тапты.

Бұл өлкеміздің темір жол бойында орын алған жалғыз қайғылы жағдай емес. Осыдан 5 күн бұрын ғана 50 жасты еңсерген тұрғынды да поезд қағып кетті.

–  Ақпанның 8-і күні де өңіріміздің темір жолын да қайғылы жағдай орын алды. Қаламыздың іргесінде Петропавлдан Ресейдің Қорған облысына бағат алған 1967-ші жылы туылған азаматты жүк пойызы соғып кеткен. Салдарынан теріскейлік тұрғын оқиға орнында қаза тапты.

Нақтырай айтсақ, адам өліміне алып келген оқиға сағат күндізгі 1-ден 10 минут кеткенде болыпты. Осы уақытта бұл азамат та темір жолдың ар жағына өтуге талпынған. Қазір аталған қос қайғылы жағдайға қатысты ҚР ҚК 344-бабы, 2-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, жыл басынан бері темір жол стансаларында тәртіп бұзуға қатысты басқа да жайттар орын алған.

Ұлжан Жорақұлова – Петропавл стансасындағы ЖІІБ ювеналдық полиция тобының инспекторы:

 

– 2018-ші жылы темір жол стансаларында 377 заңбұзушылық фактісі тіркелді. Оның 234-і шойын жолды рұқсат етілмеген жерден өтуге қатысты болып отыр. Ережені ескермегендерге ауызша ескерту жасалды. Егер де бұл жағдай тағы қайталанатын болса 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мәселен, былтыр ортақ тәртіпке көнбеген 20 адам жазаланды.

Айта кетейік, ақпанның 12-і мен 14-і күндері аралығында Петропавл стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімінің мамандары өңір аумағында “Құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік” акциясын өткізуде. Олар шара аясында темір жол стансаларында 12 рейд ұйымдастырыпты. Нәтижесінде 20 тәртіп бұзушылық фактісі анықталған.

Байболат  Култанов