Мәдениет

Теріскейлік әншілер үшін шеберлік сағаты өтуде

Элхан Ахмедов – музыкалық продюсер, рок-музыкант:

– Шеберлік сағаты барысында әншілердің техникасы мен білімінің жетілгенін қалаймын. Жалпы мастер-классты өзімінің жеке әдісім арқылы өткіземін. Ол – “Фейс ту фейс” деп аталады. Осы методика бойынша мен жеке адаммен жұмыс істеп, оған барлығын түсіндіруім керек. Ал мұнда мен барлық аудиториямен жұмыс жасаймын.

Аталмыш шеберлік сағаты блюзге жаңадан ден қойған жас әншілермен қатар, кәсіби вокалшыларға да арналған. Солардың қатарында Асылбек Естанов та бар. Жерлесіміз мастер-классқа Шал ақын ауданынан арнайы келіпті.

Асылбек Естанов – мастер-классқа қатысушы:

– Дәл осындай мастер-класстар болған жоқ. Өзім де бұрын квартетте блюз, джаз мәнерінде ән айтқанмын. Қазір міне шеберлігімді жетілдіруге келіп отырмын.

Элхан Ахмедовтың шеберлік сағаты ақпанның 15-іне дейін жалғаспақ.
Ал 16-шы ақпанда мастер-класстың қорытындысы бойынша үздік орындаушылардың қатысуымен гала-концерт өтеді.

 

Молдир Макишева