Құқық қорғау органдары

СҚО “Автобус” жедел алдын алу шарасы жалғасуда

–  Вы своему руководству говорили, что там газовое оборудование установлено, а в техпаспорте отметки нет?

–  Я не говорил.

Қоғамдық көліктерге газ қондырғыларын орнатуға тыйым салынбаған. Алайда, оның өз тәртібі мен талаптары бар. Сондықтан, полицейлер пысықай жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, оны тәртіпті болуға шақырды. Жалпы жыл басынан облысымызда осыған ұқсас 12 факті тіркеліпті. Мұндай заңсыздықтардың жолын кесу мақсатында, тәртіп сақшылары қала ішінде жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың бәрін тексеріп шықпақшы.

Александр Розбах – СҚО ІІД ЖПҚ бөлім бастығы:


– Соңғы аялдамаларда автобустардың техникалық жағдайын тексердік. Автобус жүргізушілерінің көпшілігі тиісті органдардың рұқсатынсыз жолаушылар көлігіне газ қондырғысын орнатып алыпты. Біз бұл мәселені жуық арада бір жақты етуіміз қажет. Өйткені жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында.

Республикалық “Автобус” жедел-алдын алу шарасы өңірімізде қаңтардың 22-сінен бастау алған. Содан бері тәртіп сақшылары 460 құқықбұзушылықтың бетін ашыпты. 9 пайызында қоғамдық көлікті басқаған жүргізушілердің рұқсат құжаттары болмай шыққан. Ал қолында жүргізуші куәлігі барлар өзге елдің азаматтарының кейбірін ел аумағында заңсыз тасымалдапты. Мұндай фактінің бір емес бірнешеуін көлік прокурорлары Келлеровка селосының маңайындағы бекетте анықтапты. Бүгінде ортақ тәртіпке бағынбағандар әкімшілік жауапкерлікке тартылды. Айта кету қажет, “Автобус” жедел алдын-алу шарасы жаз мезгіліне дейін жалғасады.

Берік Қасен