Қоғам

Облыс орталығында “Минута славы” байқауы өтті

Бекет Құдайбергенов – “Легион” би тобының көркемдік жетекшісі:

– Біздің “Легион” би тобына екі жыл. Бүгінгі сайысқа 14 адам келдік. Мұндай шараларға жиі қатысып отырамыз. Финалға өтеміз деген сенімдеміз.

Өткен жылғы “Минута Славы” байқауының жеңімпазы Станислав Алерт биылғы шараға тәлімгер ретінде қатысып, 10 баладан тұратын “Petro power kids” бишілер тобын дайындаған. Кішкентай бүлдіршіндер қазылар алқасын Брэйк-данспен таң қалдыруды жоспарлапты.

Станислав Алерт – “Petro power kids” би тобының көркемдік жетекшісі:

–  Бұл жолы менің оқушыларым көрермендерге нағыз шоу сыйлайды. Сайысқа біраз дайындалдық. Нәтижесіне сенімдіміз.

Сайысқа барлығы 160 дарын қатысуда. Олар қазыларға 50-ге жуық нөмір әзірлеген. Жобаның ең кішкентай қатысушылары – 5-6 жастағы бүлдіршіндер. Сахнада бірнеше минут көлемінде өнер көрсетіп, жарқ етуге 64 жасар жерлестеріміз де қарсы емес.

Екатерина Башкатова – “Legenda” event-агентінің атқарушы директоры:

– Облыстық “Минута славы” байқауы осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Бұл сайысқа Петропавл қаласының дарындары мен өңіріміздің 11 ауданынан келген таланттар өнерлерін жұртқа паш етпек.

Байқаудың ақтық кезеңі облыс орталығында наурыз айының 11-і жұлдызында өтеді.

Дана Ешкенова