МТРА жаңалықтары

Петропавлда ПИК төрағаларына жылуды пәтерлерге біркелкі таратудың әдісі үйретілді

Осы себепті Марат Тасмағанбетов көппәтерлі үйлерді басқаратын тұлғаларға арнай жиналыс ашып, олардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы сауатылығын тексеріпті. Айту керек, сынақтан бәрі бірдей өте алмапты.

Анатолий Мишин – Петопавл қаласы әкімінің кеңесшісі:


– Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қаңтар айында тұрғындармен және ПИК төрағаларымен жиналыс өткіздік. Басқосуда жылу таратушы мекеменің өкілдері болды. Жиынға қатысқан 140 төрағаның әрбіреуін жеке-жеке тұрғызып сұрақ қойдық. Сонда ПИК жетекшілерінің жылыту маусымына қалай дайындалу керектігін білмейтінініне көз жеткіздік. Сөйтіп осындай оқыту семинарын ұйымдастырдық. Мұнда білікті мамандар жерлестерімізге нормативтік актілердегі ережелерді, тұрғын үй қатынастары туралы заңды түсіндіреді.

Бұдан өзге оқыту семинарында “Петропавл жылу желілері” компаниясының мамандары жылуды барлық пәтерлерге біркелкі таратудың әдісін үйретті. Ал элеватор торабы, манометр сынды құрылғылардың функциясын макеттің көмегімен түсіндірді. Осы салаға тән жұмыс ерекшеліктерін айтты.

Бұл оқыту семинарына үйдің үлкендері мен ПИК төрағалары қатысты. Юлия Андроненко “Рахат-үй” ПИК-не 10 жыл жетекшілік етеді. Осы мерзім аралығында мұндай шараның өтуін бірінші рет көруім дейді.

Юлия Андроненко – “Рахат-үй” ПИК төрайымы:


– Мен үш үйге жетекшілік етемін. 10 жылдың ішінде осындай оқыту семинарының өткені есімде жоқ. Осыған дейін өз бетімше үйреніп, білмегенімді сантехниктен сұрайтынмын. Көп жылдық тәжірибем бар болса да, әлі де жылыту жүйесінде түсінбейтін тұстарым көп. Сондықтан мамандардың кеңесін алу үшін келдім. Техникалық білімімді жетілдіріп, жертөледе орналасқан жылу тарату желірін дұрыс пайдаланудың әдістерін үйрендім. Енді қателіктер жасамаймыз деген ойдамын.

Айту керек, бүгінде облыс орталығындағы 1071 көппәтерлі тұрғын үйдің 87 пайызында баспананы басқару ұйымдары бар.

Берік Қасен