Білім

Мектеп оқушылары Елбасы Жолдауына үн қосты

Алдымен, мұндағы ұстаздар мен шәкірттер Президент тапсырмасына сай білім беру мазмұнын жаңарту жайына тоқталды. Қазіргі таңда оқу ошағының 5-ші және 7-ші сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алуда. Оның тиімді тұстары мол дейді педагогтар.

Светлана Шаукерова – Лорд дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей директорының оқу ісі меңгерушісі:


–  Білім берудің жаңартылған жүйесіне көшу арқылы балалардың белсенділіктері арттады. Олар сабақ барысында топ болып жұмыс істейді. Білімді өздіктерінен алады.

Шараға қатысушы жастар да маңызды құжаттағы тапсырмалар жайлы өз ойларын білдірді. Мектеп-лицейдің 9-шы сынып оқушысы Аружан Есмақованың баяндамасы адами капитал жайын жақсартуға қатысты. 15 жасар жеткіншек Елбасының денсаулық сақтау саласына қатысты тапсырмаларына жіті тоқталды.

Аружан Есмақанова – Лорд дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицейінің оқушысы

– Елбасы Жолдауында денсаулық сақтау саласына сандық технологияны молынан енгізу жайлы айтылады. Бұл өзгеріс арқылы науқастардың кітапшалары электронды форматқа ауыспақ. Ол жүйе сырқат жандар мен дәрігерлер үшін тиімді. Тағы, Президент ғылымға негізделген онкологиялық орталық құру жайында сөз етті. Бұл жоспар жүзеге асса, обыр дертімен күрес жеңілдемек.

Бұдан бөлек, іс-шарада Лорд дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицейінің ұжымы өзге салаларға да сандық технологияларды енгізудің тиімділігін әңгіме етті.

Байболат  Култанов