Білім

Жерлесіміз жобадан жеңген ақшаны мүгедек жандарды оқытуға арнамақ

Ақжан Кәрім – АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігінің директоры:

– Мен байқаудан жеңіп алған ақша арқылы, қалада мүгедек жандарды инклюзивті оқытатын орталық ашқым келеді. Онда кембағал адамдар ITтехнологияны меңгермек. Сабақтарды өзім және мамандар жаңа методика бойынша бойынша өткізеді. Қазіргі күні көбі жарым жан тұрғындарды қоғамға пайдасыз деп санайды. Алайда, біздің қолымыздан да көп нәрсе келеді. Соны жүзеге асыру қажетпіз.

Ақжан Кәрімнің айтуынша инклюзивті оқыту 5 ай көлемінде 4 бағдарлама бойынша жүргізіледі. Оның алғашқысында денсаулығы нашар жандар компьтердің қыр-сырын меңгермек. Ал, кейінгі кезеңдерде интернет дүкен ашу, тауарларға жарнама жасауға машық қалыптастырады. Бұдан бөлек, графика мен есепші маманның жұмысын үйренбек.

Ақжан Кәрім – АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігінің директоры:

– Бізде оқып, біліктілігін арттырған маман аутсорсинг арқылы бірнеше мекемеде қызмет ете алады. Тіпті оның үйде отырып-ақ жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Бұл біріншіден, табыс көзі. Екіншіден, уақыты зая кетпейді.

Бұл оқытудан өткен адам арнайы сертификатқа ие болады. Жерлесіміздің тың жобасын “Мы такие же как все” ҚБ төрағасы Сергей Сапко қолдап отыр. Ол басқаратын ұйым мүшелері қол өнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Сергей ендігі кезекте, Ақжан ашқалы отырған орталықта білімін толықтырып, саудамен айналысуды көздейді.

Сергей Сапко – “Мы такие же как все” ҚБ төрағасы, жеке кәсіпкер:

– Елбасымыз әр салаға IT жаңашылдықтарын енгізуді тапсырды. Сол себепті біз сандық технологияны меңгеруіміз қажет. Ақжанның идеясы көңілімнен шықты. Ол жерде білім алатын боламын. Орталықта үйренгенімді болашақта өз кәсібімде қолданғым келеді.

Бастапқыда орталықта 20 адамды оқытылмақ. Әзірге, мүгедек жандарға білім беретін орынның қай жерде болатындығы белгісіз. Қазір оған лайық нысан қарастырылып жатқан көрінеді.

Култанов Байболат