Қоғам

Терроризмнің алдын алу шаралары талқыланды

Спартак Қабденов – СҚО ІІД экстремизмге қарсы іс-әрекет басқармасы бастығының орынбасары:

– Оларда бейнекамералар, күзет қызметі болуы керек. Акт болған немесе бомба орнатылған жағдайда не істеу керектігін білу керек.

Бұл талаптардан кәсіпкерлердің көбі хабарсыз. Біле отыра, елеп-ескермей жүргендер де бар. Жиында қажетті ақпараттың бәрі бизнесмендердің құлақтарына құйылды.
Терроризмнің қауіп-қатері бүгінде әлем бойынша жайылып барады. Сондықтан, оның алдын алу үшін бүгінде ел көлемінде тиісті шаралардың атқарылу жіті қадағалауда.

Леонид Женжеро – ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Мәселен, нысан басшылығының, қызметкерлердің терроризмге қарсы дайындығын тексеру үшін ҰҚК мамандары кез келген уақытта тосын тексеріспен келуі не жедел эксперимент ұйымдастыруы мүмкін. Қойылған талаптар сақталмаған жағдайда жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Нысанда техникалық құралдардың бәрі бола тұра, күзетшілердің дайындығы төмен деңгейде болса, қызметкерлер не істеу қажеттігін білмесе онда бұл ғимарат террористерге қарсы тұра алмайды.

Өткен жылы қажетті талаптарды орындамаған 500-ге жуық бизнес субъектісіне 13 млн теңгенің айыппұлы салынған. Биыл да салғырттығы үшін жаза алып үлгергендер жоқ емес. Осы ретте жиынға қатысушылар бизнесмендерге терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды естен шығармау қажеттігін айтты.

 

Саят Ермек