Құқық қорғау органдары

Петропавлда жүргізуші куәлігінсіз жүрген 5М бағытындағы автобустың жүргізушісі ұсталды

Жанболат Нұғыманов – Петропавл ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының полицейі:

– Тексеріс барысында 35 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан «5М» бағытындағы автобус тоқтатылды. Оның жүргізушісі бір жыл бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Айып мерзімі әлі аяқталмаған.

Жолаушылар көлігі айып тұрағына қойылды. Ал жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 612-бабы бойынша хаттама толтырылды. Заңбұзушы 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Жылдың басынан өңір полицейлері осыған ұқсас құқықбұзушылықтар бойынша 46 жүргізушіні жауапқа тартқан. Айта кету керек, ақпанның 8-нен бастап облыста үш күндік “Лишенник” жедел-алдын алу іс-шарасы бастау алды.

Молдир Макишева