Балалар

Бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың сайтында жарияланады

Бұндай жаңашылдықтарды жүзеге асырудың нәтижесінде, жуық арада қазақстандықтар үйлерінен шықпай-ақ өздерін қызықтыратын жұмысты таба алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта еңбек кітапшалары да электрондық форматқа көшірілмек. Осы орайда, ендігі кезекте, өңірдегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер жайлы мәліметтер СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ресми сайтында жарияланатын болады.

Ирина Тухватулина – СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:

– Бір айдың көлемінде бос жұмыс орындары жайлы ақпаратты өзіміздің электрондық порталымыздан бөлек, өзге де танымал әлеуметтік желілерде жариялай бастадық. Айта кетсек, былтырғы жылдың соңында өңіріміздегі жастардың жұмыссыздығы 2,1 пайызды құрады. Бұл еліміз бойынша ең төменгі көрсеткіш. Жағдайдың жақсаруына әрдайым өткізіліп тұратын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі септесті. Өткен жылдың өзінде осындай 20 шара ұйымдастырылды.

 

Тогжан Акмагамбетова