Құқық қорғау органдары

Жыл басынан жеке күзет ұйымдарының көмегімен 5 қылмыс пен 89 құқықбұзушылық анықталған

Самал Қасенова, СҚО ІІД күзет қызметін бақылау бойынша бөлім бастығы:

– Қарақшылық жайлы күзет агенттігі “102” нөміріне хабар беріп, оқиға орнына жедел-тергеу жасағы келді. Бұндай шараларды күзетшілер мен мобильді топ жұмысын жақсарту мақсатында алдағы уақытта да жүзеге асыратын боламыз. Оларға жедел әрекет етіп, құқықбұзушыны залалсыздандыру жолдары көрсетіледі.

Әрбір нысан күзетшісі кез-келген жағдайға 100 пайыз дайын болуы қажет. Жалпы, жыл басынан жеке күзет ұйымдарының көмегімен 5 қылмыс пен 89 құқықбұзушылық анықталған.

Эльмира Садвокасова