ТЖ

Жедел-құтқару жасағында ашық есік күні өтті

Сүңгуірлер өзен-көлдердің ішінде оттегі баллонының арқасында 40 минуттан 1,5 сағатқа дейін үздіксіз іздестіру жұмыстарын жүргізе алады екен. Жалпы, мамандар бұдан бөлек, тау, не биік шыңдарға көтерілуге арналған жабдықтарға да жеке-жеке тоқталып, оларды қалай қолдану керектігін түсіндірді. Солардың бірін Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Серік Ғалымжанов киіп көріп, өзін “альпист” сезіне алды.

Серік Ғалымжанов – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3-курс студенті:

– Мен бүгін биікке көтерілдім. Өте жақсы әсер алып, бұл жұмыстың қандай қиын екеніне көз жеткіздім.

Арнайы құрылғылардан бөлек, құтқарушының өзі де кез-келген оқыс оқиғаға дайын болып, жылдам, әрі тез шешім қабылдауы тиіс. Жедел-құтқару жасағы жұмысының қыр-сырымен шараға келген отыздан астам студент те жіті танысып, бұл істің қандай ауыр және жауапты екеніне көз жеткізді.

Айбол Отарбаев – СҚО ТЖД жедел құтқару жасағы бөлімшесінің басшы-құтқарушысы:

– Адамды құтқару өте қиын жұмыстардың бірі. Оған арнайы дайындықтар жүргізіледі. Психологиялық және физикалық тұрғыда дайын болу керек. Тез арада әрекет ету қажет.

Жыл басынан облыстық жедел-құтқару жасағының мамандары 23 рет апат орнына шыққан. Қиын жағдайда қалған 11 өңір тұрғыны құтқарылыпты. Олардың біреуі бала.

 

Тогжан Акмагамбетова