Мәдениет

Теріскейлік жас әншілер халықаралық байқаулардан жүлделі оралды

Нұрдәулет Досжан – №1 өнер мектебінің тәрбиеленушісі:

– Мені фортепианоға анам әкелді. Алғашқы үйренген туындым – Дмитрий Кабалевскийдің «Кірпі» шығармасы. Ал, қазір 6 композицияны ойнай аламын. Болашақта фортепианомен кәсіби түрде айналысып, мұғалім болғым келеді.

Ал, Карина Жапарқанованың бұл алғашқы байқауы емес. Әнші қыз 4 жылдың ішінде талай рет республикалық және халықаралық деңгейдегі сахналарда өнер көрсеткен. Әрдайым жүлделі орындарды иеленетін бұрымды бұл жолы бас жүлдені жеңіп алыпты.

Карина Жапарқанова – №1 өнер мектебінің тәрбиеленушісі:

– Менің әпкем фортепианода ойнайды. Сондықтан, мен де оның жолын қуып, музыкаға әуестендім. Ырғақты әндерді айтқанды ұнатамын. Сахна төріне шығар алдында қобалжу болғанымен, ән айта бастағанда ол су сепкендей басылады.

Жалпы, қаңтар-ақпан айларында Ресейдің Омбы қаласында екі байқау өткен екен. Сайысқа 20-ға жуық солтүстікқазақстандық әнші қатысқан. Олардың 7-уі халықаралық дәрежедегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Ирина Маркина – №1 өнер мектебі директорының орынбасары:

– Тағы «Сібір жұлдыздарды жағады» сайысынан да жүлделі қайтқан тәрбиеленушіміз бар. Милана Янтурина аталған байқауда 3-ші орынға тұрақтап, екінші турға жолдама алды. Енді наурыздың 15-ші жұлдызында Тольяттиде өнер көрсетпек.

Жалпы, Өнер мектебінің тәрбиеленушілері байқауларға жиі қатысып тұрады. Ұстаздарының сөзінше, бұндай конкурстар олардың өнерлерін шыңдауға септесуде.

Эльмира Садвокасова