Құқық қорғау органдары

Теріскейлік тәртіп сақшылары оқу-жаттығу жиынында кәсіби шеберліктерін шындады

Биыл алғаш рет өткізілген оқу-жаттығу жиындарын СҚО ІІД-нің арнайы даярлық басқармасы ұйымдастырған. Аталған шараға 15 полицей жұмылдырылып, өздерінің осы сынды оқыс оқиғалар кезінде қалай әрекет жасайтындықтарын көрсетті.

Ерлан Қабдуәлиев – СҚО ІІД арнайы даярлық басқармасының аға инспекторы:

– Бұл жиын полиция қызметкерлерінің жауынгерлік даярлығын арттыру мақсатында өткізіп отыр. Полиция қызметкерлерінің «кризистік ситуцация» кезінде өз өмірін және қоршаған адамдардың өмірін аман сақтап қалу мақсатында дұрыс шешім қабылдау үшін осындай жаттығулар өткізудеміз.

Полицейлер экстремалдық жағдайларға тап болған кезде шұғыл шешімдер қабылдап, жылдам әрекет етуі қажет. Міне, мұндай сабақтар полицейлердің тактикалық дағдыларынан бөлек, осы қасиеттерді де бекіте түспек.

Айта кетсек, бұл залдағы түрлі дүниелердің макеттері шынайы сәттерге ұқсас болу үшін алдын-ала әзірленіпті.

Талапкер Қабидулов – СҚО ІІД Жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы:

– Осы жаттығулар бізге өте қажет деп санаймын. Негізі біз адамдармен тікелей жұмыс жасаймыз. Қиын сәттерге тап болып жатамыз. Сол себептен бұл жаттығулар бізге лайықты деп ойлаймын.

Ендігі кезекте , ІІД қызметкерлері өздерінің атыс және медициналық дайындықтарын шыңдап, жауынгерлік ұрыстардың әдістерін жетілдіру үшін осы іспеттес жиындар апта сайын өткізілмек.

Тогжан Акмагамбетова