Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазіргі таңда қоғамда балалардың көру қабілетінің нашарлауы өзекті тұр

Ал Брайль жүйесіне арналған үнтаспаның көмегімен балғындар кітапты оқымай-ақ, оның мазмұнын тыңдай алады. 2-ші сынып оқушысы Анастасия Рамазанова сабағын үздік оқиды. 8 жасар балғын мұғалім берген тапсырманы мына құрылғы арқылы тыңдап отыр.

Анастасия Рамазанова – №44 орта мектептің оқушысы:

– Менің сүйікті пәндерім – ден шынықтыру, орыс тілі, математика. Бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын. Әсіресе, қиял-ғажайыпқа толы әңгімелерді сүйіп оқимын. Үйімде кішкентай кітапханам бар десем де болады.

Сонымен қатар, қылилығы бар балалар дәрігердің тағайындауы бойынша арнайы синоптофор құрылғысын қолданады. Оның көмегімен жеткіншектердің жұмасына 3 рет ем қабылдауға мүмкіндіктері бар. Жалпы көру қабілеті төмен балаларға арналған сыныптар мұнда 2014 жылы ашылды. Қазір 2-ші сыныпта 10 оқушы, ал 4-ші сыныпта 5 бала білім алып жатыр. Оқытушылар сабақ беру барысында балалардың арнайы анықтамасына сүйенеді.

Анастасия Якушева – №44 орта мектептің оқу-ісі жөніндегі меңгерушісі:

– Балалардың барлығы жалпы білім беру жүйесі бойынша оқытылады. Оқу бағдарламасында ешқандай айырмашылықтар жоқ. Тек мұндағы балаларды оқыту барысында арнайы құрылғылар қолданылады. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы басталғанда балаларға арнайы оқу-құралдарын алдыртамыз.

Телефон, планшет, теледидар және компьютерлер – бұның барлығы көру қабілетінің төмендеуіне кері әсерін тигізеді. Офтальмологқа тексерілуге келген Жандостың анасы Айнаш Қуанова да бұл фактіні мойындап отыр. Дәрігерлер тексеріс барысында 1-ші сыныпта оқып жүрген Жандосқа көзі бұзылғанын айтқан. Қабылдаған еміне қарамастан, уақыт өте келе жеткіншектің көз жанары нашарлаған. Содан дәрігерлер Жандосқа көзілдірік жазып берді.

Айнаш Қуанова – Жандостың анасы:

– Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы ауруханада емделдік. Қазір міне тексерілуге Петропавлға келіп отырмыз. Дәрігер балама көзілдірік жазып берді.

Жалпы дәрігерлердің айтуынша, көру қабілеттілігінің төмендеуі – әсіресе, гимназия мектептерінде жиі кездеседі.

Наталья Волкова – №1 қалалық емхананың офтальмолог- дәрігері:

– Қазіргі таңда білім беру жүйесі жаңа жүйеге көшкендіктен, балаларға түсетін ауыртпашылық та көбейді. Сондықтан, олардың көру қабілеттері де нашарлап кетті. Әсіресе, ауылды жақтарда бұл мәселе өзекті.

Жалпы №1 -ші қалалық емханада 3000-ға тарта бала осы проблемаға байланысты есепте тұр.

 

Молдир Макишева