Құқық қорғау органдары

Елімізде “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Автобус жүргізушісі:

-Дата выдачи не соответствует.

Внимание обращали на это?

– Нет, не обращал, вообще. Вот, на категорию обратил, а на это – вообще, что-то…

Как долго вы занимаетесь перевозками?

– Лет пять, наверное, уже.

Қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізуші Петропавлдан Елордаға бет алыпты. Алайда, ол діттеген жеріне жете алмай қалды.

Рүстем Өкенов – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальоны взводының командирі:

– Жүргізушінің куәлігін тексеру барысында оның құжатындағы нөмірдің ІІМ-нің базасындағы мәліметтермен сәйкес келмейтіндігі анықталды. Сәйкесінше көлік басқаруға рұқсат беретін санаттарының сай емес екендігі белгілі болды. Бұдан кейін оқиға орнына Тайынша қаласынан жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Аталмыш фактіге байланысты бірқатар сараптамалар тағайындалып отыр. Айта кетсек, осыдан бір күн бұрын тәртіп сақшылары тағы бір заңбұзушылық фактісін анықтаған. Онда «Сетра» автобусын тізгіндеген жүргізушіде қоғамдық көліктің техникалық байқаудан өткендігі жайындағы құжат болмаған. Мұның үстіне ОҚО-нан Ресейге бет алған жүргізушінің үстінен еліміздің басқа өңірлерінде әкімшілік хаттамалар толтырылғаны анықталды. Жалпы, 15 күнге жалғасқан республикалық «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында өңір жолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 376 фактісі анықталды. Олардың 128-і жолаушыларды тасымалдап келе жатып ұялы телефонды пайдаланса, 16-сы жылдамдықты шамадан тыс асырған. Ал 25-інде көлікті басқаруға рұқсат беретін құжаттары болмай шықты.

 

Тогжан Акмагамбетова