Балалар

Петропавлдық жастар дала құстарын азықтандыруда

Владимир Вилков – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Жалпы биология” кафедрасының меңгерушісі:

– Қысқы уақытта қала аумағын 20-дан астап құс мекен етеді. Олардың басым бөлігі шаһар сырты мен Ресейден келгендер. Қанаттылардың ішінде бозшымшық, шымшық, көгершін, сауысқан мен қарғалар жиі кездеседі. Мұндай суық күндері құстар тамақтанулары тиіс. Олар азықтанбаса өледі. Сол себепті біз жиналып, тұмсықтыларды қоректендіруге шығып отырмыз.

Құстардың қорегіне де ерекше мән берген жөн. Өйткені, кейбір азық түрлері олардың өміріне қауіпті болуы мүмкін. Мұны қанаттыларға қамқоршылық танытқан жастар жақсы біледі.

– Құстарға мынандай көлемдегі алманы берген жөн. Оған қоса, арпамен бидай да ұсынуға болады. Оларды қанаттылар сүйсіне жейді. Әрі, бұл тамақты құстардың асқазандары оңай қорытады екен.

Қанаттыларға нанның үгінділерін бермеген абзал. Ас атасын құстың асқазаны дұрыс қорыта алмайтын көрінеді.

Анастасия Серкерова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Мен өзім құстарды алма және бидаймен қоректендіремін. Бұл тағамдарды қанаттылар сүйсініп жейді. Ал, нан үгінділерін мүлде бермеймін. Ұсақ, әрі жұмсақ қиқымдарды олар қорыта алмайды. Сондай-ақ, көп мөлшерде жеп қойса асқазандары ауырады.

Жастар алдағы уақытта да құстарды қоректендірмек. Келесі жолы жерлестеріміз мұндай акцияны қалалық саябақта өткізуді жоспарлап отыр.

Култанов Байболат