Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды

Олег Адам – «Шатило и К» ЖШС директоры:

– Қоршауды 4 аумаққа бөлдік. Мұнда 700-ге тарта ірі қара бар. Бұл жердегі мал сыртқа шыға алмайды. Зеңгі баба төлдері басқа жаққа бет алып, қоршауға жақындаса, оларды жеңіл тоқ соғады. Осы арқылы ірі қараны алысқа жібермей, көз алдымызда бағып отырмыз. Мұндай қоршауда мал жақсы семіреді.

Қазіргі таңда «Шатило и К» серіктестігінде 1750 бас асыл тұқымды ірі қара бар. Кәсіпорын басшылығы осы жылдың соңына дейін зеңгі баба төлінің санын 2,5 мыңға дейін арттыруды көздейді. Осылайша тағы бір мал бордақылау алаңын тұрғызуды жоспарлап отыр.

Кумар Аксакалов, аким СКО:

– Қазіргі таңда ет жетіспейді. Нарықтағы етті сатып алушылардың қатары қалың. Сол себепті, бізге осындай бордақылау алаңдары қажет.

Ал, мынау – Преснов мәдениет үйі. Мұнда Жамбыл ауданының тұрғындары жиылып жатыр. Олардың көпшілігі облыс әкімі мен аудан басшысына базыналарын арқалап келіпті.

Антонина Матвеева – Жамбыл ауданының тұрғыны:

– Бізді жарықтандыру мәселесі алаңдатады. Көшелерге шамдар қойса жақсы болар еді.

Айман Илюкина – Жамбыл ауданының тұрғыны:

– Біз солтүстікке қоныс аударушылармыз. Бізді мектебі жабылған ауылға орналастырды. Үйді 5 жыл жалдап тұрдық. Енді, міне уақыт аяқталып, баспана өз атымызға өтті. Алайда нысан қатты суықтарға шыдас бермей қабырғалар қисайып, төбесі құлағалы тұр.

Өзекті мәселе жақын арада шешімін таппақ. Аудан басшысы жерлесіміздің бұйымтайын назардан тыс қалдырмайтындығын жеткізді. Бұдан соң, Иван Турков халық алдында есеп берді. Оның сөзінше былтыр жамбылдықтар ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлық нәтижеге қол жеткізген. Орақ науқанында дихандар гектарынан 21,7 центнерден астық жиыпты.

Иван Турков, Жамбыл ауданының әкімі:

– Майлы дақылдардың үлесін 57,2 мың гектардан 83,8 мың гектарға дейін өсірдік. Жыл сайын машина-трактор паркі жаңарып тұрады. Мәселен, 2017 жылы 3,3 млрд теңгеге 157 бірлік ауылшаруашылығы техникасын сатып алдық».Увеличение доли масличных культур с 57, 2 тысяч гектаров до 83, 8 тысяч. 3.15 ежегодно обновляется машинотракторный парк. В 2017 году приобретено 157 ед. с/х техники на сумму 3,3 млрд тенге.

Сондай-ақ, былтыр 7 ауылшаруашылығы копперативі құрылған. Ал, Благовещенка селосында ұсақ ірі қараға арналған бордақылау алаңы ашылған. Осылайша 15 адам еңбекпен қамтылыпты. Жамбылдықтардың биылғы жоспары да ауқымды. Олар осы жылы 300 басқа арналған сүт-тауарлық фермасы мен тәулігіне 5 тонна сүтті қабылдайтын пункт тұрғызбақ. Бұл іске тындырылса тағы 12 тұрғын екі қолға бір күрек табады. Алайда, облыс әкімі мұнымен шектелмеу қажет дейді.

Кумар Аксакалов, аким СКО:

– Осы күні ауданда 248 ауылшаруашылығы құрылымы бар. Олардың 60-ы ірі кәсіпорындар. Серіктестіктердің басым бөлігі үлкен аумаққа ие бола тұра, мал ұстамайды. Былай жұмыс өнбейді. Агроқұрылымдар төрт түлік өсіріп, тұрғындарды жұмыспен қамтыған жөн.

Мұнымен қоса, жамбылдықтарды жалақы мәселесі де алаңдатады. Биыл диқандар мол өнім жиды. Алайда, жерлестеріміздің айлық табыстары айтарлықтай өзгермеген.

– Высокая урожайность должна влиять на качество жизни. Что с повышением заработных плат, Иван Иванович?

– Рост в с/х составил практически 20 тысяч тенге.

– По району , в целом, пока еще низковато.

Аудан әкіміне есептік кездесуге келген халықтың бұдан басқа да сұрақтары баршылық. Жиынға қатысушылардың көбін Пресновка селосындағы үйлерге тіршілік көзі тарту мерзімдері қызықтырады. Жиында бұл мәселе 2019 жылы шешілетіні белгілі болды. Келер жылы аудан орталығында топтық су құбыры жұмысын бастайды. Кейін, әр баспанаға су жетеді деп жоспарланған. Тұрғындардың өзге бұйымтайларын да жеткізді.

Нина Шледевец – Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Өткен жылы “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында көшелерді жарықтандыру, қаңырап тұрған нысандарды бұзу ісі жақсы жүрді. Биыл осы жоба асында жұмыс атқарыла ма?

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Қаржыландыру жүргізіледі. Барлық жұмысты ауылшаруашылығы құрылымдары арқасында жүргізе алмайтымыз белгілі. Сол себепті, аталған бағдарлама аясында әр ауданға ақша бөлуді жоспарлар отырмыз.

Биыл “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында Жамбыл ауданына 21 млн теңге бөлінбек.

Есептік кездесуден соң, өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов Жамбыл ауданындағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. Мұнда облыс әкімі ұлттық костюм киіп, тағамдарымызды дастарханға жайған қандастарымыз қарсы алды.

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:

– Маңызды жұмыс атқарып отсыздар. Сіздер жастардың арасында толеранттылық прициптердің қалыптасуына біраз еңбек жасап жатсындар.

Жалпы, қазіргі күні Жамбыл ауданында 6 этномәдени орталық жұмыс істеп тұр.

 

Култанов Байболат