Спорт

Облыс орталығында “Петролига” турнирі бастау алды

Ұзақтығы 20 минутқа созылған ойынның екінші жартысы өз мәресіне жетті. “Тамерлан” құрамасының ойыншылары жақсы ойын көрсетіп, көк жейдедегі жігіттерден 5:3 есебімен басым түсті.

Марат Темірғалиев – «Тамерлан» құрамасының ойыншысы:

– Жақсы ойын өтті. Қарсыластарымыз да осал емес. Тактикалық ұжымдасқан жұмыстың арқасында жеңіске жеттік.

Жас Отандықтардың “Петролига” жобасы облыс орталығында осымен 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жалпы турнирде Петропавл, Аққайын және Қызылжар аудандарынан келген 24 команда ойын көрсетпек. Олардың дені – банк мекемелерінің қызметкерлері.

Абылайхан Қайроллаев- «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бүгінігі ойын екі лигадан құралған. Бірінші лиганың екінші лигадан айырмашылығы онда былтырғы жылдың чемпиондары ойнайды. Ал екінші лигада жаңа бастап келе жатқан жас командалар бақтарын сынамақ.

Әуесқой командалар арасында шағын футболдан өтіп жатқан чемпионат наурыздың 23-не дейін жалғаспақ.

 

Ешкенова Дана