Әр түрлі

Қаламызда ресейлік бас киімдер сатылуда

Ольга Кадникова – “1000 бөрік.рф” көрмесінің басқарушысы, РФ, Новосибирск қаласы:

– Бөріктер, құлақшындар жаңа технология бойыша тігілді. Олардың құрылысын, безендірілуін өзіміздің білікті дизайнерлер жасады. Канадалық және сібір қаракүзен терісінен дайындалған бас киімдер жоғары сұранысқа ие. Өйткені, бөріктер жылы, әр сапалы. Көп жылдарға шыдас береді.

Жалпы, көрмеде әйелдерге арналған қаракүзен, қоян, ондатра, жанат және түлкі терісінен тігілген бөріктер бар. Сапалы тауарлардың бағасы 37-і мен 80 мыңның арасында.

– Мына қаракүзен терісі мен әдемі матадан тігілген бөріктің дизайны өте керемет. Оның үстінгі жағы әшекей тастармен безендіріліпті.

Бұл әсем тауардың бағасы 66700 теңге тұрады, Тағы сауда алаңында қой терісінен тігілген бас киімдер жетерлік. Олардың құны 11 мыңнан басталады. Айта кетейік, көрмеге шығарылған бөріктер мен құлақшындар 10 пайыздық жеңілдікпен саталады.

Ольга Кадникова – “1000 бөрік.рф” көрмесінің басқарушысы РФ, Новосибирск қаласы:

– Мутон очень хорошо носится. Шубы носятся по 15 лет. Шапкам так вообще сносу нет. Цветовая гамма тоже очень богатая. Цена хорошая, около 20 тысяч тенге. Хоть для девчонок, хоть для взрослых женщин.

Бұдан бөлек, көрмеден теріскейлік ер азаматтар да өздеріне қажетті сапалы бас киімді таба алады. Ресейліктер жерлестерімізге арнап құлақшындардың сан түріп әкеліпті. Солардың арасында Елбасының атымен аталатын каналық қаракүзен терісінен тігілген бөрік те бар. Жалпы, “1000 бөрік” көрмесі қаламызда 4-ші ақпанға дейін жалғаспақ. Сауда алаңы Сәтпаев көшесінде орналасқан қалалық мәдениет үйінде сағат таңғы 10 мен 19:00 аралығында өтеді.

 

Култанов Байболат