МТРА жаңалықтары

Өңір судьялары 2017 жылдың жұмысын қорытындылады

Владимир Кириленко – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы:

– 2016 жылмен салыстырғанда былтыр қылмыстық істерді қарау көрсеткіші облысымызда 0,3 пайызға жақсарды. Сондай-ақ, облыс соттарына келіп түскен және судялар қараған қылмыстық істер санының көбейгендігін атап өткен жөн. Былтыр қылмыстық істер бойынша облыс соттары 2 269 қылмыстық істі аяқтап, олар бойынша 1 421 адамға үкім шығарылды.

Алайда, облыстық соттың төрағасы өткен жылы бірқатар кемшіліктердің орын алғанын атап өтті. Мәселен, судьялар қылмыстық материалдарды қарау кезінде ізгілендіру әдісін қолданбаған. Істерді жарты жылдан артық қарау фактілері де кездеседі. Істерді сапалы және жедел қараудың маңыздылығына тоқталған облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов өңір судьяларының алдына азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту шараларын күшейту міндетін қойды.

Ерлан Айтжанов – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

– Кемшіліктерді түзетіңіздер. Облыс соттарында бір іс өндірісте 6 айдан көп жатқан. 4 іс тоқтатылыпты. Сотталғандардың саны 2,6 пайызға артқан. Прокурорларға қайтарлыған материаладрдың саны сол қалпында қалып отыр. Медиаторлардың қатысуымен небары 400-ден астам қылмыстық іс қаралған. Бұл республикалық көрсеткіштен төмен. Тергеу органдарынан қабылданған қылмыстық істердің 75 пайызын кері қайтарып жіберіпсіздер. Бұл сіздің тиісті органдармен тығыз жұмыс жасамайтындықтарыңызды білдіреді.

Аталған олқылықтарға қатысты Жоғарғы Соттың судьясы Нүрия Сисенова өз пікірін білдірді.

Нүрия Сисенова – Қазақстан Республикасы:

– Қылмыстық істерге салғырт қарауға немесе кейінге шегере беруге болмайды. Бұл фемида өкілдерінің негізгі жұмыстарының бірі. Қазіргі таңда судьялардың жұмыс жүктемесі ауыр емес. Бірақ сіздер өрескел қателікке жол беріпсіздер.

Жоғарғы Сотының судьясы Нүрия Сисенова кеңес барысында солтүстікқазақстандық әріптестеріне заң үстемдігін іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Облысттың соттың кеңейтілген отырысында барлығы 7 сұрақ қаралды.

Берік Қасен