МТРА жаңалықтары

Жолдаудағы 9 бағыт жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтылған

Онда жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жайлы айтылған. Мемлекет басшысы ескерткендей, қоғамдық індеттің алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Аталған жұмыстармен “Есіл су” филиалының жанынан құрылған заң бөлімі айналысады екен.

Қанат Асқаров – “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалы директоры:


– Заң бөлімінің мамандары аудандарға шығып, қызметкерлерге заңды түсіндіреді. Аудандық филиалдарымызда жәшік қойылған. Сонда анонимді түрде хат жазып, қалдыруға болады.

Президент халыққа Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жаңа технологияларды енгізуді тапсырған болатын. Аталмыш бағытты өңірдегі су таратушы мекеме елімізде алғашқылардың бірі болып қолға алмақшы.

Қанат Асқаров – “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалы директоры:

– Ауыз суды тазартудың жаңа технологиясын қолданысқа енгізбекшіміз. Қазіргі таңда дамыған мемлекеттер хлордан бас тартуда. Біз де сол бағытты ұстанамыз. Келешекте суды молекулярлық деңгейде тазартамыз. Ол үлкен физикалық реакция.

Өткен жылдары “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалында бір жемқорлық фактісі тіркелген болатын. Мұндай жағдай қайталанбас үшін мекеме басшылығы қоғамдық індетке қарсы күрес шараларының кешенді жоспарын құрмақшы.

Берік Қасен