Бизнес және экономика

Ұлттық банк өткен жылды қортындылады

Мираш Жұмашев – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры:

– Обмен валют та дұрыс істеп тұр. Облыста 114 ақша айырбастау пункті бар. Доллар да, евро да жеткілікті болды. Тұрғындар көбіне рубльді айырбастады. Ол жеткілікті болды.

Өткен жылы қазақстандықтардың депозиттерінде жатқан қаржы 17,5 трлн теңгенің құрапты. Оның ішінде теріскейліктердің салымы 149,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға жоғары. Осы ретте айта кетейік, көбіне қаржылық салымдар ұлттық валютада жүргізіледі екен. Шетелдік ақшамен депозитке салынған қаражат көлемі 43,1 млрд теңгені құраған. Несие нарығына келер болсақ, бұл салада да 8 пайызға жуық өсімді байқауға болады.

Мираш Жұмашев – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры:

 


–  Биылғы жылы 135 млрд кредит берсек, соның ішінде 58 млрд теңгені шағын бизнес алып тұр. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, сауда-саттық бар. Сөйтіп кредитті беру 2 есеге өсіп отыр. Ішкі өнімді 4,3 пайызға өсіріп тұр.

Осы ретте айта кетейік, банктен алған қарызын уақытында қайтаруға барлығы бірдей асыға бермейтін көрінеді. Бүгіндері мерзімі өткен берешектердің көлемі 6,3 млрд теңгеге жеткен.

Мағжан Ахмадина