Спорт

Шаңғы спортынан жеткіншектер арасындағы облыс біріншілігі бастау алды

Есілбай Омаров – БЖСМ жұмысы жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы директорының орынбасары:

– Балалар үш жас ерекшелігі бойынша сынға түседі. Облыстық сайыста жеңгендер республикалық біріншіліктерге жолдама алады.

((интершум))

Жарыс жолына ең кіші топтың шаңғышылары шықты. Ұл балалар 3 шақырым, ал қыздар 2 шақырымдық қашықтықты еңсеруі тиіс.

Саят Ермек – тілші:


– Үш күн бойы өңірдің барлық аудандарынан жиналған жас спортшылар бұл олимпиадалық спорт түрінен өзара мықтыны анықтайтын болады. Алғашқы күн конькилік стильге арналған. Ең кішкентай шаңғышылар өз дистанцияларын жүгіріп өтті. Қазір сөреде 2002-2003 жылдары туған жеткіншектер.

Ал мынау – орта топта сынға түсіп жатқан спортшылар. Сөреден жарыс жолына шаңғышылар бөлек-бөлек шығады. Сөйтіп, араларында трассаны үздік уақытта еңсерген жеткіншек жеңімпаз атанады. Ұлдар өздеріне тиесілі қашықтық – 5 шақырымды жүріп өтті. Кезек қыздарда. Олар 3 шақырымды еңсеруге дайындалып жатыр. Бірер минуттан соң жарыс жолына Ақжар ауданынан келген Айша Асылхан шығады. 6-сынып оқушысы шаңғымен еркін әрі сенімді сырғанайды. Өйткені екі жылдық тәжірибесі бар, жетістіктері де аз емес.

Айша Асылхан – жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:


– Жуырда өткен аудандық сайыста бірінші орын алдым, бүгін де жеңемін деп ойлаймын. Шаңғы тебуді жаным сүйеді.

Кейін трассаға 2000-2001 жылғы спортшылар шықты. Бұл топтағы ұлдар 10, ал қыздар 5 шақырымда сынға түсті. Айта кетейін, бұл жарыстың тек бірінші күні. Ертең жеткіншектер классикалық стильде жүгіреді, ал бүрсігүні оларды 800 метрлік спринт күтіп тұр.

Саят Ермек