Қоғам

Жерлес ақын, журналист Мүтәллап Қанғожин 80 жасқа толды

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімінің орынбасары:


– 37-ші жылы Есіл ауданында дүниеге келген Мүтәллап Қанғожиннің негізгі кәсібі – журналист. Өзі кезінде Қазақ ұлттық университетін аталған мамандық бойынша тәмамдаған. Солтүстіктегі телевизияның қалыптасуына сүбелі үлесін қосқан.

Мүтәллап Қанғожин – ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі, СҚО Құрметті азаматы:

– Мерейтой иесін құттықтауға өңірдің зиялы қауым өкілдері, үзеңгілестері жиналған. Олар игі тілектерін білдіріп, ақынның иығына шапан жапты. Ал, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Мүтәллап Қанғожинге “Облыстың құрметті ардагері” төсбелгісін табыстады.

Көпшілік арасында ақиық ақынның жиені Сара Кендібекова да отыр. Дос-жарандарына деген сыйластық, туысқа деген қамқорлықты үнемі алдыңғы орынға қоятын Мүтәллап Қанғожин жиеніне әке орнына әке бола білген.

Сара Кендібекова – Мүтәллап Қанғожиннің жиені:

– Жастайынан ақындыққа құштар Мүтәллап Қанғожин бүгінге дейін бірқатар жыр жинағын шығарған. Оның туындылары жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Әлі де қолынан қаламын тастамайды. Айтуынша, жарық көрмеген үш жинағы бар екен.

 

Саят Ермек