Балалар

Жастар – қоғамның белсенді мүшелері

Олардың қатарында “Қайырымдылық балы”, “Этно-fashion” байқаулары бар. Осы жиындардың басым бөлігіне Руфия Мустафина ат салысқан. Бойжеткен өзінің белсенділігімен көпшілікке бала жастан танылыпты.

Руфия Мустафина – «Дуслык» татар-башқұрт орталығы жастар қанатының жетекшісі:

– Өзіме қоғамдық іс-шараларға қатысып, ұйымдастырған ұнайды. Мектепте оқып жүрген кезде мерекелік жиындардың басы-қасында жүретінмін. Менің ойымша әр жас өзінің уақытын босқа өткізбеуі қажет. Олар қолда бар мүмкінді пайдаланып, өздерін белсенділіктерімен көрсетулері тиіс. Өйткені, ұл-қыздар қоғамға жақын болса өздерінің жеке мансаптарын қалыптастыру жеңіл болады.

Кездесу барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жоспары айтылды. Қоғамдық институт осы жылы да бірталай іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін аталған ұйым мүшелері басқа да жергілікті жастар бірлестіктерін, бірлесе жұмыс істеуге шақырады. Осылайша іске теріскейлік ұл-қыздарды тартып, қоғамдағы белсенді жандардың қатарын көбейтпек.

Күнсұлу Ілкенова – «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы:

– Біздің қатарымызға кез келген жас қосыла алады. Олар түрлі жиындарға қатысып өздерінің өнерлерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Осы жылдың мамыр айында шаһарда Қайырымдылық балын 3-ші мәрте өткіземіз. Айтулы шарада вальс билейтін жігіттер керек. Сол себепті, қатарымызға ұлдарды шақырамыз.

Айта кетейік, Петропавлда 3-ші Қайырымдылық балы мамыр айында өтеді деп жоспарланған.

 

Байболат  Култанов