МТРА жаңалықтары

«Смарт Петропавл жобасы» таныстырылды

Олар қауіпсіздік, туризм, көлік, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен білім беру бағыттары бойынша жүзеге асырылмақ. Соңғысы ел болашағы – балалардың алаңсыз білім алып, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді көздейді.

Айнагүл Сұрағанова – Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Ең бастысы бұл жобалар оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие беру процессін автоматтандыруға, оқушылардың тамақтануын қадағалауға, жалпы балабақшаның барлық жұмысын бір жүйеге келтіру үшін жасалып жатқан жоба.

Алдымен, тың жобалар «Алтын бесік» балабақшасы мен екі мектепте, айта кетсек, БЭСТ және қалалық классикалық гимназияларда жүзеге асырылмақ. Тағы облыс орталығында ұялы телефонды тегін қуат көзіне қосуға мүмкіндік беретін заманауи орындықтар пайда болады. Әзірге олар шаһарымыздың 4 ауданында орын теппек. Бұдан бөлек, жаңашылдықтар автобустар мен аялдамаларда және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында да енгізіледі.

Дәулет Қалиасқаров – Петропавл қалалық тұрғын-үй инспекциясының:

 

– «Смарт Петропавл» концепциясының тағы бір жобасы – «Е-КСК». Ол ПИК төрағаларынының жұмысын жақсартып, ашық ете түсуге септеседі. Тағы оның қызметін тұрғындар үнемі бақылап отыра алады. «Интегро» компаниясы бұл үшін бірыңғай жүйе жасады. Ол қазір пилоттық жоба ретінде 50 үйде жұмыс істеп тұр.

Қазірдің өзінде қолданылып келетін заманауи технологияның тағы бірі – күн көзінен қуат алатын жол белгілері. Олар түнгі уақытта да анық көрінеді. Ең бастысы электр энергиясын үнемдеуге септеседі. Осы уақытқа дейін қалада ондай құрылғылардың 14-і орнатылса, келешекте шаһар көшелерінде тағы 7-уі пайда болмақ.

Мағжан Ахмадина