МТРА жаңалықтары

Жергілікті халық қалаулылары Елбасы Жолдауын талқылады

Юрий Шоль – СҚО мәслихатының депутаты, “Прометей-Агро” ЖШС директоры:

– Ауыл шаруашылығында қолданатын қазіргі техника топырақтың құнарлылығын біледі. Заманауи қондырғылардың арқасында алқаптарға минералды тыңайтқыштарды қандай мөлшерде себу керектігін білеміз. Жалпы, шаруа 1000 гектардан астам жерге дән сепсе, ұшу аппаратын пайдаланғаны дұрыс. Біз олардың көмегімен жұмыс барысын қашықтықтан байқай аламыз. Бұл құрылғылар шығын мөлшерін азайтады, астықтың мол әрі сапалы болып пісуіне жәрдемдеседі.

Тағы, жиында жәргілікті мәслихат депутаттары Жолдауда жүктелген көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру жайын сөз етті. Бұл бағытта өлкемізде бірқатар шаруа тыңдырылмақ. Әсіресе, цифрлендіру ісіне қарқын қосылады. Болашақта қаламыздағы аялдамаларға электронды тақтайшалар қойылмақ. Одан бөлек, күн энергиясынан қуат алатын жол белгілерінің де қатары көбейеді.

Галина Сёменова – СҚО мәслихатының депутаты, “СҚО жолаушылар тасымалы” қауымдастығының төрайымы:

– Біз шаһар ішіндегі аялдамаларда тұрған жолаушыларды қашықтықтан бақылайтын жаңа жүйе жасаудамыз. Оны “Қазинтерсофт” компаниясы мен қалалық әкімдік бірлесіп әзірлеуде. Жоба арқылы қоғамдық көліктерді күткен жандардың санын білеміз. Егер де жолаушыларың саны шамадан тыс көп болса, тиісінше сол бағыттардағы автобустардың аралығын қысқаратымз.

Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық филиалының депутаттық фракцияның кездесуінде құрылысқа және коммуналдық секторға да заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктері қаралды. Халық қалаулысы, “Основание” ЖШС директоры Сергей Тимофеев өңірдегі құрылыс саласына қарқын қосу үшін өзге елдердің тәжірбиесін пайдаланып, білікті архитекторларды тарту керек дейді.

 

Култанов Байболат