МТРА жаңалықтары

Ауылды жерлерде жоғары жылдамдықты интернет желісін дамыту

Татьяна Ластовец – облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі таңда egov электрондық үкімет порталына мемлекетік қызметтің 700 түрі топтастырылды. Порталдың арқасында мемлекеттік қызметтерді алу оңтайландырылды. Өткен жылы 50 елді мекенде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы құрылды. egov порталы жайлы көрнекі ақпараттар ілініп, жергілікті органдардағы мемлекеттік қызметкерлер арнайы оқытудан өтті. Олар бүгінде электрондық үкімет порталында жұмыс істей алады. Жыл басынан аудандардағы “Connection Point” секторларынан 2 400-ге жуық адам қызмет алған.

“Connection Point” секторлары әзірге Айыртау және Шал ақын аудандарында жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері бұл аудандар тиісті құрылғыларды көп ұзамай орнатуды тапсырды.
Отырыста қаралған келесі мәселе ауылды жерлерде жоғары жылдамдықты интернет желісін дамытуға қатысты болды. Бұл жұмыстар елімізде 2025 жылға дейін толығымен жүзеге асырылмақшы.

Аслан Ешмухамбетов – “Қазақтелеком” АҚ СӨТД филиалының техникалық торабының директоры:

– Ауылды жерлерде жоғары жылдамдықты интернет желісін орнату жұмысы жалғасуда. 61 елді-мекенде бұл шаруаны “Қазақтелеком”, ал 18-інде “Транстелеком” компаниясы жүргізеді. Бұл жұмыстар алдағы екі жылда атқарылмақ. Облыс бойынша 115 елді мекенге талшықтық-оптикалық кабельдер тартылған. Олар да келешекте жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады.

Қазіргі таңда жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылатын 79 елді мекеннің тізімі бекітілген. Қазақтелеком компаниясы ел қазынасынан осы іске қажетті қаражаттың бөлінуін күтіп отыр.

Берік Қасен