Қоғам

Әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бауыржан Өмірзақов – Айыртау ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы:

– Мен бұл адамды қорлаған жоқпын. Тек жұмыс барысымен кірдім. Сол уақытта ауырып жүрген едім, құлағым да дұрыс естімейді. Соның кесірінен болар, аздап дауыс көтердім. Бірақ балағат сөздерді айтқан жоқпын.

Алайда, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік заңбұзушылық орын алған деп тапты. Сондықтан, Айыртау ауданының әкімдігіне Бауыржан Өмірзақовтың қызметін төмендету туралы ұсыныс жіберіледі. Дегенмен, аудандар арасында, әдеп бұзу бойынша Тимирязев ауданы бірінші орында тұр. Мұнда әрбір мемлекеттік қызметшіге ескерту жасалған. Бірақ, жағдай өзгеретін емес.

 

Жиында өзге де өзекті мәселелер қозғалды. Сорлардың бірі – мектеп оқушыларынан оқулықтар мен құрал-жабдықтар сатып алуға ақша жинау. Мәселен, БЭСТ мектебіндегі арнайы ұйым ай сайын ата-аналардан мерекелік шаралар ұйымдастырып, оқулықтар сатып алу үшін 1500 теңгеден жинап отырады. Бұндай әрекеттің заңдылығына қатысты облыстық білім басқармасының өкілдері түсініктеме берді.

Қалғужина Күлпаш – облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушысы:

– Бұл ұйым ата-аналардың қалауы бойынша құрылды. Десе де, қаражаттың қайда жіберіліп жатқанын тексеретін боламыз.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау жөніндегі мәселе де көтерілді. Осыған орай жасырын сауалнама жүргізіліп, арнайы тәртіптік комиссия құрылды.

Аслан Исин – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:

– 2 мемлекеттік органда жасырын сауалнама жүргізілді. Соның нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің 20 пайызы қызметтік бабын асыра пайдаланатынын көрсетті. Тағы соншасы демалыс күндері жұмысқа шығатындарын жеткізген.

Барлығы бүгінгі отырыста 9 мәселе қозғалды.

 

Молдир Макишева