Қоғам

Өңір педагогтарына сыбайлас жемқорлық жайы айтылды

Амангелді Сатанов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Барлық ұйымдарда осындай ақпараттық сағаттар өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты – Елбасы Жолдауындағы 9-шы бағытты түсіндіру.

Шара барысында педагогтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама оқылды. Оған қоса, қоғам дертінің тигізер залалы жайлы әзірленген арнайы бейнеролик те көрсетілді. Мұндай ақпараттық сағаттардың ұстаздарға берері мол.

Айсұлу Қошқарбаева – №40 орта мектептің өзін-өзі тану мұғалімі:

– Жемқорлық – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Оның залалын әрбір тұрғын білуі керек. Әрине, бұл ретте ұстаздар қауымы да бар. Өйткені, педагог балаларға білім береді. Парақорлыққа бой ұсынбауы тиіс.

Айта кетейік, бүгін мұндай ақпараттық сағат еліміздің барлық өңірінде өтті. Жемқорлықтың алдын-алуға арналған дәріс мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде оқылды.

Култанов Байболат