Без категории

Биыл Ленинград қаласының құрсаудан босап шыққанына 74 жыл

Аштық пен қантөгіс 871 күнге созылған еді. Жеңіс күнін жақындатуға теріскейде құрылған 314 атқыштар дивизисы да ат салысты. Бүгін атаулы датаға орай облыс орталығында Қазақстан мен Ресей елдері өкілдерінің қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел жиыны өтті. Шараға орайластырылған көрмеде майдан шебінде жасалған суреттер мен тарихи деректер орын алған. Бұл жиынға Ленинград облысының тумалары да қатысып, ата-аналарынан қалған естеліктерімен бөлісті.

Петр Васильев – өлкетанушы, жазушы, сценарист, Ленинград облысы, РФ:

– Ленинград 1941 жылдың 8-ші қыркүйегінен бастап блокадаға алынды. Құрсауға дейін де шаһардағы азық-түлік қоры жеткіліксіз болатын. Осындай қиын қыстау кезде фин әскерлерімен шайқасуға кеңіс әскерінен 3 дивизия жіберілді. Солардың бірі – 314 атқыштар дивизиясы. Финдықтар Ленинград қаласы мен оның айналасын 5 саусағындай білгендіктен, қазақстандықтар үшін бұл біраз қиындық тудырды. Осыған қарамастан, олар жауға төтеп бере алды. Біздің құтқарушыларға алғысымыз шексіз.

 

Эльмира Садвокасова