Білім

Аяздың кесірінен сабақ босатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар берілмейді

Данил Сахно- М.Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектебінің 5 оқушысы
аударма:

– Бүгін сыныпта жалғыз өзім болдым. Сондықтан ұстазым үйге қайтарып жіберді.

Ал мына кабинетте математика сабағы өтуде. 7-сынып оқушаларына мұғалімдері жаңа тақырыпты түсіндіріп жатыр. Қатты аяз кей оқушылардың сабаққа келмеуіне себеп болған. Сондықтан бүгін кабинетте оқушылардың жартысы ғана отыр.

Батырхан Баймұқанов – М.Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектебінің 7 г сыныбының оқушысы:

– Мен 4 күн бойы мектепке келген жоқпын. Бүгін күн жылы болғандықтан оқуға келдім. Менің достарымда келіпті.

Ульяна Тарасова- қаз М.Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектебінің 6 а сыныбының оқушысы:

– Бірінші күні аязға байланысты мен мектепке келген жоқпын. Бүгін күн жылынғасын мектепке келдім.

Қатты аяздардың салдарынан өңіріміздің барлық мектептерінде сабақтар бірнеше күнге тоқтатылған болатын. Алайда оқушылар мектеп бағдарламасынан қалмайтын болады. Мұндай жағдайдайларда ұстаздар өздерінің сабақ жоспарына өзгертулер енгізеді. Дегенмен, өткізіп алған бағдарламаларды мектептердің ешқайсысы қосымша сабақтар арқылы немесе демалыс кезінде оқытпайды.

Алмагүл Оспанова- қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

– Осы жұма бойы күннің суықтығына байланысты мектептерде оқу процесі тоқтатылған болатын. Алайда бұл жағдай ешқандай жүктемеге әсерін тигізбейді. Оқушыларға берілетін үй жұмысының саны да көбеймейді, керісінше өтілмей қалған тақырыптарды оңтайландырып, қайталау сабақтарының санын қайта қарастырып, қысқарту мақсатында өтілмей қалған тақырыптарды қуып жете алады.

Мұғалімдер балаларға үй тапсырмасын бергенде де айтарлықтай салмақ келмеуін ескереміз деп отыр.