Құқық қорғау органдары

Аяздардың салдарынан өңірде дизель арқылы қатынайтын көліктердің жолға шығуына тыйым салынған

Айдын Байматов – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

– Өңір аумағындағы аяздарға байланысты дизельдік отынмен жүретін көліктердің алыс жолға қатынауын шектеу шаралары жалғасуда. Сондай-ақ “Автобус” атты жедел алдын-алу шарасының аясында жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің техникалық жағдайларына баса назар аударудамыз.

Аяз құрсауында қалған көліктердің қатарында сонау Өзбекстаннан Ресейдің Тобольск қаласына жол тартқан автобус та бар. Облыс аумағынан өтерде бұл темір тұлпар да тоқтап қалған.

Омарәлі Гиасиддинов – автобус жолаушысы:

– Біз үшін минус 33-35 градус-бұл өте суық. Жүргізушіге рахмет, тоңдырмай, арасында дәмханаларға тоқтап тұрады. Қиын жағдайда көмек қолын созғандарға да айтар алғысым шексіз. Жолға шыққанымызға бірнеше күн болды, бәрі жақсы. Тек сәл кешігіп жатырмыз.

Автобус жүргізушісі ауа райын ғана емес, жолаушы тасымалының ережелерін де елемеген. Көліктегі шетелдіктердің саны отыратын орындардың санынан біршама көп болған. Бұдан бөлек, автобустың дөңгелектері де техникалық талаптарға сай емес. Үстіміздегі аптада осындай және басқа да олқылықтарға жол берген жүргізушілердің саны 120-дан асыпты.

 

Саят Ермек