Ауыл шаруашылығы

Ресейден келетін астық тексерілуде

Ал, Ресей Федерациясындағы жағдай керісінше. Себебі, олардың биыл жиған өнімі Қазақстаннан 6 есеге артық. Өздерінің қамбаларын астыққа толтырған көршілеріміз қалғанын бізге әкелуде. Бағасы жергілікті бидаймен салыстырғанда шамамен 8 мың теңгеге арзан. Сондықтан, өңірдегі кәсіпорындар қанша жерден отандық өнімді қолдағысы келсе де, құны төмендеуін таңдайтыны анық. Бұл ретте өткен жылдың соңында Түмен, Қорған, Омбы облыстарынан тасымалданылатын астықтың сапасы мен тиісті құжаттарын тексеретін арнайы мобилді топ құрылды.

Владимир Отрадных – СҚО аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

– Мәселен, 28-ші желтоқсаннан теріскейге астық әкелмек болған 224 көлік тексерістен өтті. Олардың тек 209-на өнімді елімізге кіргізуге рұқсат берілді. Бұл 4547 тонна өнімді құрайды. Басым бөлігі – бидай мен арпа. Қалған 15 жүк көлігі өнімді Қазақстанға заңсыз өткізбек болған. Құжаттары болмағандықтан, оларды елдеріне қайтардық.

Дегенмен он заңбұзушы Қазақстан шекарасын өтіпті. Абырой болғанда, мобильді топ дер кезде хабардар болып, машиналарды тоқтатып үлгерген. Сондықтан, астыққа толы жүк көліктеріне айыппұл салынды. Солтүстік Қазақстан бойынша қазіргі таңда 4 мобильді топ жұмыс істеуде. Олардың құрамына салық, ветеренария, фитосанитарлық қызмет мамандары мен тәртіп сақшылары кіреді екен.

 

Эльмира Садвокасова