Балалар

Өңірімізге сырттан сапасыз ойыншықтар жеткізілуде

Самат Қазанбаев – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

– Сапасыз ойыншықтар негізінен Қытай және Ресейден тасымалдануда. Оларда зат таңдасы, белгілері жоқ. Тауар өндірушінің мекен-жайы мен атауы көрсетілмеген.

Департамент мамандары түрлі ойыншықтарды сауда нүктелерінен сатып алады. Олардан жиі сынама алып, мониторинг жүргізіп тұрады. Тауар тиісті талаптарға сай болмаса, саудагерге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Самат Қазанбаев – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

– 2017 жылы балаларға арналған тауарлардың 194 сынамасы зерттелді. Оның 25 пайызы техникалық регламенттерінің талаптарына сай емес.

Ойыншықтардың арнайы таңбасы болмаса, ол да күмәнді деп есептеледі. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары тұрғындарға арзан, сөрелерде қисапсыз толып тұрған ойыншықтарды алмауға кеңес береді.

Берік Қасен